Қарағанды облысында арнайы кокстан белсендірілген көмір өндіріледі

1410

Қарағанды облысында арнайы кокстан белсендірілген көмір өндіріледі

2017 жылы Қарағанды облысында ұсақ арнайы кокстан белсендірілген көмір өндіру көзделген. Бұл туралы көмір өнеркәсібіндегі жағдай бойынша өткен кеңесте "Шұбаркөл көмір" АҚ президенті Кемал Усманов мәлімдеді, облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

"Ұсақ арнайы кокстан белсендірілген көмір өндіруді ұйымдастыру" жобасы Энергетика министрлігінің жол картасына енгізілді. Оны жүзеге асыруға 40 млн теңгеге жуық қаржы салынды. 2017 жылдың тамызына қарай осы өнімнің өндірісі үшін тәжірибелік-өнеркәсіптік құрылғыны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Оның қуаттылығы - жылына 1000 тоннаға дейін болады", - деп атап өтті Кемал Усманов.

Біз көмірді терең өңдеу технологиясы туралы айтып отырмыз.

"Өткізу нарықтары бар. Қазақстанда белсендірілген көмір тұтыну жылына шамамен 3000 тоннаны құрайды. Өнім негізінен алтын өндірісінде қолданылады. Перспектива бар", - дейді Кемал Усманов.

Жоба импортты алмастыруға бағытталған. Қазіргі кезде белсендірілген көмір Ресей, Украина және Қытайдан әкелінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу