Қарағанды облысының Абай ауданында "Шанс" шаруа қожалығында неміс технологиясы бойынша құрама жем зауытының құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.
Өндіріс автоматтандырылған және жүздеген түрлі қоспа шығара алатын болады.
Бұл кәсіпорын биылғы жылы астық пен шөп тұқымын тазалауға арналған кешенді іске қосады. Жобаны жүзеге асыруға 1 миллиард теңгеден астам инвестиция салынды. Жаңа буынды астық тазалау мәшинесі сатып алынған. Техника дәнді-дақылдар мен бұршақты, жарма және майлы дақылдарды тазалауға арналған. Оның өнімділігі сағатына 50 тоннаны құрайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу