Қарағанды облысында астықтың 50%-дан астамы жиналды

564

25 қыркүйекке дейін өңірде астық жинауды аяқтау, қазан айының басында картоп пен көкөніс жинау жоспарланып отыр.

Қарағанды облысында астықтың 50%-дан астамы жиналды

Қарағанды облысында егін жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Қазірдің өзінде 50%-дан астам астық, 30% картоп және басқа да көкөністер жиналды, деп хабарлайды inbusiness.kz өңір әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Абай ауданына жұмыс сапары барысында "Поливное" фермерлік қожалығында болды.

Бұл көкөністер мен картоп өсіруге мамандандырылған аймақтың негізгі ауылшаруашылық құрылымдарының бірі. Мұнда суармалы егіншілікпен 960 га қамтылған.

Егін жинағаннан кейін өнім тек базарға ғана емес, облыстың тұрақтандыру қорына да жіберіледі.

Содан кейін ол 1 қазаннан 1 мамырға дейін дүкендердің бөлшек сауда желісінде белгіленген бағамен сатылады.

Сондай-ақ Жеңіс Қасымбек Абай – Қарабас – Жартас – Долинка жолының қайта жөнделу барысымен танысты. Бұл жол бөлігі ұзақ уақыт бойы жөндеуді қажет еткен. Бұрын тек шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізілген.

Қазір қайта құру жұмыстары жүріп жатыр. 21 шақырымның алтауына асфальт төселді. Мердігер компания осы жылы тағы екі шақырым жерде жұмысты аяқтауға уәде беріп отыр. Қалған 13 шақырым жол 2023 жылы жөнделіп, қолданысқа беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу