Қарағанды облысында аурухана мен емхана директорларының білімі тексерілді

1059

Қарағандыда міндетті медициналық сақтандыру жүйесі бойынша тестілеу өтті.

Қарағанды облысында аурухана мен емхана директорларының білімі тексерілді

Медициналық ұйымдардың бірінші жетекшілері емтихан тапсырды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Тесттер МӘМС енгізу бойынша қарағандылық штабта әзірленген. Тестте барлығы 40 сұрақ қойылған. Емтихан алдында қатысушылардан ұялы телефондар жинап алынды, ал тесттер бейнебақылау арқылы жүргізілді. 

Білімді бағалаудың орташа нәтижесі - 70%. Көшбасшылар үштігіне "Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының", №4 емхана мен АМСК МО-ның жетекшілері енді.

Тестілеу қорытындысы бойынша барлық медициналық ұйымдардың жетекшілері 5-балдық жүйе бойынша бағаланды. 3 балл алғандар жақын арада қайта тапсыратын болады. 

Айта кетсек, індетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде көрсетілетін тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) мен медициналық көмек пакеті Елбасының 2018 жылдың 10-шы қаңтарындағы халыққа жолдауындағы тапсырмасымен даярланды. Ол 2020-шы жылдың қаңтарынан бастап өз күшіне енеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу