Қарағанды облысында ауыл әкімдері сайланады

650

13 орынға 40 үміткер тіркелген. 

Қарағанды облысында ауыл әкімдері сайланады

Қарағанды облысында 2018 жылдың 29 тамызда Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаровка, Ұлытау аудандарының селолық округ және ауыл әкімдерін сайлау өтеді, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Сайлау "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" ҚР Заңына сай белгіленген. 
13 орынға 40 үміткер тіркелген. Қазір олар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. 
Үміткерлер жергілікті қауыммен кеңескен соң ұсынылады. Ереже бойынша олардың жасы 25-тен төмен болмауға тиіс. Жоғары білімінің болуы - басты талап. Өзге облыстардың тұрғындары сайлауға қатыстырылмайды. 
Сайлаушылар  - жергілікті мәслихат депутаттары. Сайлау құпия дауыс беру арқылы өтеді. Сайлаушылардың отырысына үш депутаттың екеуі қатысса, сайлау өткен болып есептеледі.
Әкімдер 4 жылға сайланады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу