Биыл Қарағанды облысында үш елдімекен: Нұра, Ұлытау және Атасу "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы енгізілді, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.
Жоба аясында ауыл мен кенттерге тұрғын үйлер салуға, жолдарды жөндеуге және елдімекенді дамытуға қаржы беріледі.
Сондай-ақ Қайнар ауылы келесі жылы "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасына енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Нұра ауданына сапар барысында мәлімдеді.
Қайнар ауылында қазіргі таңда 1300 адам тұрады. Жыл сайын тұрғындар саны артып келеді. Аталмыш елдімекен әлеуеті зор ауылдар қатарына жатады. Жыл сайын мұнда жас мамандар мен басқа да аудандардың тұрғындары көшіп келуде. Олардың басым бөлігі "Қайнар" шаруа қожалығында жұмыс істейді. Шаруашылық әулиекөл асыл тұқымды бұқаларды өсірумен айналысады.
Айта кетсек, "Ауыл – Ел бесігі" арнайы жобасы аясында елдегі 1500 әлеуетті елдімекен анықталады. Жыл сайын оларды дамытуға 30 млрд теңгеден бөлінетін болады. Қаражат ауылдарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды, әлеуметтік нысандарды дамытуға бағытталады. Сондай-ақ, бағдарлама онда шағын өндірістер мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарын дамытуға мүмкіндік береді.