Қарағанды облысында ауыл тұрғындары үшін автобус маршруты қалпына келтірілді

486

Молодежный-Осакаровка арасында жүрген автобус 2020 жылдан бастап тоқтатылған.  

Қарағанды облысында ауыл тұрғындары үшін автобус маршруты қалпына келтірілді Фото: vlast.kz

Прокуратураның араласуынан соң “Молодежный-Осакаровка” маршруты қалпына келтірілді, деп жазады inbusiness.kz Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, жергілікті жерлердегі прокурорлар азаматтарды қабылдау, оның ішінде ауылдық округтерде тұрғындармен кездесу жұмысын жандандырды.

“Молодежный кентінің тұрғындары Қарағанды облысының прокуроры Бауыржан Мырзакеровпен өткен кездесуде “Молодежный – Осакаровка” бағыты бойынша автобустың жоқтығын хабарлады. Ауыл тұрғындарының сөзінше, бұрын жүрген маршрут 2020 жылдан бастап тоқтатылған. Облыс прокурорының нұсқауынан кейін аудан әкімдігі тасымалдаушымен тиісті шарт бекітіп, Крещеновка, Пионерский және Есіл ауылдық округтерін қамтитын “Молодежный-Осакаровка” бағыты бойынша маршрут ұйымдастырды”, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ облыс прокуроры барғаннан кейін Нұра ауылының тұрғынына әлеуметтік көмір бөлу мәселесі де шешімін тапқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу