Қарағанды облысында ауыл мектептеріне жас педагогтарды тарту үшін оларға тұрғын үй беріледі, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.
Айта кетсек, 2018 жылдан бері Қарағанды облысында жас мұғалімдерге 228 пәтер берілген.
Оның 219-ы ипотекалық несиелендіру бағдарламасы бойынша беріліпті. Ұлытау ауданында тұрғын үйді – 41 маман, Осакаровкада – 33, Шет ауданында 27 маман алды. 26 пәтерді Жаңаарқа және Бұқар жырау аудандарындағы мұғалімдер алды. Ақтоғай мен Нұра ауданында 18 педагог баспаналы болды. 13 пәтер Абай және Қарқаралы аудандарындағы мұғалімдерге берілді. Сондай-ақ тоғыз педагог Приозерскідегі, Жезқазғандағы және Абай ауданындағы мемлекеттік тұрғын-үй қорынан баспана алды.