Қарағанды облысында автобус пен арнайы техника шығаратын зауыт ашылады

734

Премьер-министр Асқар Мамин Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды.

Қарағанды облысында автобус пен арнайы техника шығаратын зауыт ашылады

Үкімет басшысы "Сарыарқа" ЕЭА-ға барып, Yutong маркалы автобустар мен арнайы техника шығаратын жаңа зауыттың жобасымен танысты, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Кәсіпорын Саранда, бұрынғы РТБ зауытының аумағында ашылады. Премьер-Министрдің қатысуымен әкімдік пен инвестициялық консорциум арасында жаңа зауыт құру жөніндегі келісімге қол қойылды.

Биылғы жылы алғашқы автобус шығару жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін бірінші кезеңді іске асыру аяқталады. Бұдан әрі жоба жалғасын табады.

Жаңа кәсіпорынға жұмылдырылған тікелей және тартылған инвестициялардың жалпы сомасы шамамен 23 миллиард теңгені құрайды. Жоба қолда бар РТИ ғимараттарын қайта жаңартуды, сондай-ақ жаңа өндірістік объектілерді салуды көздейді. Сондай-ақ жоғары технологиялық дәнекерлеу және сырлау жабдықтарын сатып алу жоспарланған.

Жоба аясында 1 100 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Зауыттың жылдық жобалық қуаты – 1 200 автобус және 500 арнайы техника шығару. Өнім ел ішінде сатылатын болады, сондай-ақ жақын шетелдерге экспортталуы мүмкін.

Қарағандылық ЖОО-дар автомобиль жасау үшін кадрлар даярлайтын болады деп болжануда. Университеттерде бейіндік білім беру бағдарламалары іске қосылады.

Кәсіпорынды құру Қарағанды облысы әкімдігінің, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ және "Сарыарқа" ӘКК" АҚ қатысуымен және қолдауымен жүзеге асырылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу