Қарағанды облысында автобустарда жаңа жеңілдіктер қолданылады

491

Облыста 1 наурыздан бастап көпбалалы аналар, бірінші топтағы мүгедектер және 15 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер қоғамдық көлікте жол жүруге қосымша жеңілдіктер алды. 

Қарағанды облысында автобустарда жаңа жеңілдіктер қолданылады Фото: Индустриальная Караганда

"Бақытты бала – Бақытты ана – Бақытты отбасы – Бақытты ел" Жол картасына сәйкес жаңа жеңілдіктер пайда болды, деп жазады inbusiness.kz Қарағанды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала маңындағы маршруттарда тегін жүру құқына келесі санаттар ие:

  •  "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар;
  •  бірінші топтағы мүгедектер.

Ақпаратқа сәйкес, бұл ретте аталған барлық санаттарға Қарағанды автобустарында тегін жол жүру үшін бұрын алынған "Әлеуметтік" көлік карталарын пайдалануға болады.

Қала маңындағы маршруттарда тегін жүру үшін бақылаушыларға анықтамалар мен жеңілдіктер туралы куәліктерді (түпнұсқа) көрсету қажет.

Жақын арада арнайы карталар тегін ресімделеді.

15 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерге жол жүру құнының 50 % мөлшерінде жеңілдік берілді.

"7–15 жастағы балалар" картасы барлар үшін жеңілдік автоматты түрде ұзартылады. Ол үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Карта 18 жасқа дейін жарамды.

15 жасқа толған және "Балалар" картасы бұғатталған, бірақ қолында бар болса, бұл жолаушылар 1 наурыздан кейін оны іске қосуға өтініш беруі керек. Бұл қызмет тегін көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу