Қарағанды облысында автокөлік аударылып, жанып кетті

427

39 жасар ер адам оқиға орнында жан тапсырды. 

Қарағанды облысында автокөлік аударылып, жанып кетті

17 қыркүйек күні Қарағанды облысы Шет ауданында Ақой-Бұрма тас жолында 36 жастағы Toyota Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісі алдын ала болжам бойынша көліктің басқаруына ие бола алмай, аударылып кеткен. Кейін автокөлік жанып кетті, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жол көлік оқиғасы салдарынан көліктің жүргізушісі және 39 жастағы жолаушысы, Қарағанды облыстық Полиция департаменті Округтік әскери-дәрігерлік комиссиясының төрағасы Данияр Тұрбаев оқиға орнында қаза тапты. Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Данияр Тұрбаев әскери-дәрігерлік комиссия төрағасы лауазымында 2015 жылдың қазан айынан бастап қызмет атқарған. 2006 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын тәмәмдаған. Марқұмның 4 баласы қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу