Қарағанды облысында автожолды су басты

273

Аталған учаскеде диаметрі 1 м болатын су өткізгіш құбыр орналасқан.  

Қарағанды облысында автожолды су басты Фото: ҚазАвтоЖол

2024 жылғы 25 наурызда сағат 17:50 шамасында ауа райының тез жылынуы мен қардың еру салдарынан "Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Бұғаз" автожолының 23+800 шақырымында су тасқыны орын алды (жақын елді-мекен Көкпекті ауылы, Бұқар Жырау ауданы, Қарағанды облысы). Жол ІІІ санатқа жатады, су тасқынның ұзындығы 30 метрді, биіктігі 5 см құрады, деп жазады inbusiness.kz сайты ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап. 

"ҚАЖсервис" ЖШС ҚӨФ ДЭУ-46 мамандары уақытша жол белгілері мен сигналдық тіректерді орнату бойынша жұмыстарды атқарды. Аталмыш шараға 2 бірлік техника мен жеке құрамның 5 адамы жұмылдырылды. Жолдарды су басу қаупі бар жоғары аумақтарда тәулік бойы бақылау және тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жолды шайып кету қаупі мен қозғалыс шектеулері жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу