Қарағанды облысында автожолды су басып қалды

318

Қауіпті аумақтарда тәулік бойы бақылау жұмысы жүргізіліп жатыр. 

Қарағанды облысында автожолды су басып қалды Фото: видео скриншот

Қарағанды облысы Бұхар Жырау ауданы Көкпекті ауылы маңындағы автожолды су басып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"ҚазАвтоЖолдың" баспасөз қызметінің хабарлауынша, су тасқыны ауа райының тез жылынуы мен қардың еруі салдарынан туындаған. 

"25 наурызда сағат 17:50 шамасында Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз автожолының 23+800 шақырымында су тасқыны болды. Жол ІІІ санатқа жатады, су тасқынның ұзындығы 30 метрді, биіктігі 5 см құрады. Аталған учаскеде диаметрі 1 м болатын су өткізгіш құбыр орналасқан", - делінген хабарламада. 

"ҚАЖсервис" ЖШС ҚӨФ ДЭУ-46 мамандары уақытша жол белгілері мен сигналдық тіректерді орнату бойынша жұмыстарды атқарды. 

Аталмыш шараға 2 бірлік техника мен жеке құрамның 5 адамы жұмылдырылды.

"Жолдарды су басу қаупі бар жоғары аумақтарда тәулік бойы бақылау және тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жолды шайып кету қаупі мен қозғалыс шектеулері жоқ", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу