Қарағанды облысында "Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысушыларды іріктеу басталады. Бағдарламаның шарттары бойынша өтініш берушілер жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұруы керек.
Сондай-ақ, бастапқы жарна болуы міндетті, яғни тұрғын үй құнының 10 пайызы. Төлем қабілеттілігін растауға және отбасының әр мүшесіне шаққанда табыс сомасы 42 500 теңгеден аспауға тиіс. Несиенің ең жоғары сомасы – 10 миллион теңге, 20 жылға дейін, жылдық мөлшерлеме – 2 пайыз.
Аталмыш тұрғын үй бағдарламасына келесі санаттағы азаматтар қатыса алады:
1. 4 және одан да көп балалары бар көп балалы отбасылар;
2. кәмелетке толмаған балалары бар толық емес отбасылар;
3. мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар.
Жолдама беру үшін құжаттарды қабылдау 22 шілде мен 26 шілде аралығында Қарағанды қаласы, Магнитогорская көшесі, 19 мекенжайы бойынша жаңа Майқұдық МҮ ғимаратында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Шілденің 22-нен 26-на дейінгі аралықта "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша өтініш қабылдайтын пункттердің мекенжайлары:
Қарағанды қ. Магнитогорск к-сі 19, МҮ ғимараты (Майқұдық)
Балқаш қ. Уәлиханов к-сі 5, каб.10
Жезқазған қ. Алашахан к-сі 1
Қаражал қ. Сайдалы Сары Тоқа к-сі 1, каб.1
Саран қ. Жамбыл к-сі 65
Сәтпаев қ. Сәтпаев к-сі 108, каб.13
Теміртау қ. Тәуелсіздік гүлзары 9, каб.314
Шахтинск қ. Қазақстан к-сі 101
Абай ауданы, Абай қ., Абай к-сі 26
Ақтоғай ауданы, Ақтоғай а., Бөкейхан к-сі 4
Бұқар жырау ауданы, Ботақара к., Бұқар Жырау к-сі, 56а
Жаңаарқа ауданы, Атасу к., Тәуелсіздік 1,
Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қ., Әлихан Бөкейхан к-сі 55
Нұра ауданы, Нұра к., Талжанов к-сі 5а
Осакаров ауданы, Осакаров к., Достық 33
Ұлытау ауданы, Ұлытау к., Абай к-сі 22, каб.3, ҚазПошта ғимараты
Шет ауданы, Ақсу-Аюлы к., Шортанбай к-сі 24