Қарағанды облысында бала құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды

825

Қарағанды облысында қоғамдық бастамаларда бала құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды. Бұл қызметті Ирина Киселева атқарады.

Қарағанды облысында бала құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды

Жаңа тағайындау туралы өзінің Facebook парақшасында Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова хабарлады.

"Мемлекет басшысы жариялаған балалар жылын өткізу аясында Қарағанды облысының әкімдігі қоғамдық бастамаларда бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымын енгізді. Бұл лауазымға Киселева Ирина Болеславовна тағайындалды. Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің негізгі міндеттері Мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара іс – қимыл жасай отырып, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету болып табылады", – деп жазды Гүлсім Қожахметова.

Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша азаматтардың өтініштерін қабылдау және қарау сейсенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 19, 18-кабинет мекенжайы бойынша жүргізіледі.     

Сондай-ақ қызықтыратын сұрақтар бойынша (8-7212) 255-065, 8-701-444-39-74 телефондары, Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде bala_gorgau_uakili_krg аккаунты арқылы хабарласуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу