Қарағанды облысында балаларға арналған спорт секциялары тегін

619

Өңірде биыл балалардың спорт секцияларына 2 миллиард теңгеден астам қаржы бөліп отыр.  

Қарағанды облысында балаларға арналған спорт секциялары тегін Фото: gov.kz

Бұл бастамаға ата-аналар дән риза, деп жазады inbusiness.kz.

Айзере мен Нұрдәулет Иманғазы "Спортика" фитнес-клубында жүзумен айналысады. Ағасы мен қарындасының арасы бір жас. Олар төрт жастан бастап жүзеді.

"Мен көпбалалы анамын. Нұрдәулет пен Айзерден басқа менің тағы екі балам бар. Бұрын үлкендерім жүзумен ақылы секцияда айналысқан. Әр бала үшін айына 17 мың теңгеден. Әрине, бұл отбасылық бюджетімізге әсер ететін. Жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы бізге ақша үнемдеуге көмектесті. Балалар қуана бассейнге барады. Оларға жаттықтырушылар да, бассейннің өзі де ұнайды", – деді балалардың анасы Асылжан Телгүзинова.

Сондай-ақ клубта жас қарағандылықтар хоккей, дзюдо және бимен тегін айналыса алады. Artsport бағдарламасы енгізілгенге дейін барлық секцияларда барлығы 170-ке жуық адам болған. Мемлекеттік қаржыландырудан кейін "Спортикада" тек жүзумен 527 бала айналысады.

"Қазір бізде жүзумен 527 адам, хоккеймен – 271, биде – 15, дзюдода – 17 адам тегін айналысады", – дейді фитнес-клубтың әкімшісі Юлия Ульянова.

Оқушылар арасында шахмат ойыны да танымал. Жоғары интеллектуалды ойынға Аrtsport бағдарламасы бойынша, сондай-ақ ақылы негізде Бауыржан Қасымов шахмат академиясында оқытылады. Бұрын мектептің үш филиалында 200 адам оқыған.

Қарағанды облысында биыл тегін спорт секцияларын қаржыландыруға 2 миллиард 164 миллион теңге бөлінді. Өңірде Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Қарқаралы, Шахтинск, Саран, Бұқар жырау, Осакаров, Абай және Шет аудандарынан 48 спорт қызметін ұсынушылар жұмылдырылды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу