Қарағанды облысында балық азығын өндіретін зауыт салынып жатыр

819

Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов балық өсіруге қатысты 32 жоба іске асырылып жатқанын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қарағанды облысында балық азығын өндіретін зауыт салынып жатыр

Вице-министрдің мәлімдеуінше, биыл 113 көлде балық өсіру және тор шаруашылығы құрылды. Балық шаруашылығына 5,8 млрд теңге жеке инвестиция тартылды.

"Балық өсіру көлемі 129 мың тонна болатын 32 жоба қолға алынды. Жобаға шамамен 182 млрд теңге инвестиция тартылады", – деді Ахметжан Пірімқұлов. 

Оның айтуынша, "Аквафактория" ЖШС Ақмола облысында бекіре өсіру жобасы бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қазір қарызды сақтандыру мәселесі шешіліп жатыр. 

"Бұл құрылысты бастау үшін 2,7 млрд теңге көлемінде қарыз қаражатын пайдалануға мүмкіндік береді. Қарағанды облысында "Сарыарқа" арнайы экономикалық аумағында қуаты тәулігіне 300 тоннаға дейін балық азығын өндіретін зауыт салу жобасы бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін Әзербайжан, Германия және Израиль мамандарын тарта отырып, жобалау аяқталады. Инвестиция көлемі – 30 млрд теңге", – деді вице-министр.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу