Қарағанды облысында балықшылардың өлімі жиілеп кетті

523

Өткен демалыста облыс аумағында екі балықшы суға батып кетті.

Қарағанды облысында балықшылардың өлімі жиілеп кетті Фото: google.com

Демалыс күндері Қарағанды облысында екі балықшы суға батып кеткен. Тағы екі балықшыны сүңгуірлер судан іздеп жатыр. Төтенше жағдайлар мамандары тұрғындардың суға барғанда қарапайым қауіпсіздік ережесін сақтамайтынын айтады. Мұның соңы орны толмас қайғылы оқиғаларға алып келуде. 

Абай ауданы, Топар ауылы, Шерубай-Нұра су қоймасында ТЖД сүңгуір-құтқару жасағының күштері балық аулау кезінде суға батып кеткен 1988 жылы туған ер адамның денесін тапты. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында 1989 жылы туған ер адам жағаға шығарылды. Құтқарылған адам суға батқан адамның қасында болып, өз бетімен жағаға жете алмаған.

24 шілдеде Ақтоғай ауданында Тасарал ауылы маңындағы Балқаш көлінде ауа райының тұрақсыздығы мен желдің күрт күшеюінен салдарынан қайықтан құлап кеткен 1987 жылы туған азаматты іздеу жұмыстары жалғасуда.

Барлық жағдайда азаматтар қайықта құтқару кеудешелерінсіз болған, шағын қайықтағы қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзған.
Сонымен қатар, азаматтар судағы көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзады. Мәселен, Теміртау қаласында Самарқант су қоймасында Старогородской жағажай ауданында ТЖД күштерімен 1995 жылы туған ер адамды іздестіру жүргізілуде, ол жағадан 100 м қашықтықта су көлігін басқарып, моторлы қайықпен соқтығысуға жол беріп, суға батып кеткен. Ер адам су көлігінде құтқару кеудешесінсіз болған. 

Қарағанды облысының ТЖ департаменті шомылу кезеңінде қайғылы жағдайға жол бермеу үшін суда жүріс тұрыс ережелерін сақтауға шақырады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу