Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды облысында да барлық бағыттағы жолдар жабылды, деп хабарлайды "Хабар 24".
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандары хабарлап отыр. Соның салдарынан таңертеңгі сағат 9-дан 11:30-ға дейін 20 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жол-патрульдік полициясының жұмысы күшейтіліп, барлық бағыттағы жолдар кез келген көлік түрлері үшін жабылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу