Қарағанды облысында білім саласында заң бұзушылық көп

285

Заң талаптарын орындамағандар қандай жауапқа тартылады?

Қарағанды облысында білім саласында заң бұзушылық көп Фото: Қарағанды облысы прокуратурасы

Қарағанды облысыдағы білім беру мекемелерінде үш мыңнан астам заң бұзушылықтар анықталған. Тексерулердің нәтижелері бойынша 400 қадағалау актісі енгізілді, 1,5 мың лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды, жалпы сомасы 100 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Аталған заң бұзушылықтардың бар екендігі облыс прокуроры Бауыржан Мырзакеровтің төрағалығымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты алқа отырысында айтылды.

Шараға облыс әкімінің орынбасары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Отырысты ашқан облыс прокуроры балалардың құқықтарын қорғау саласындағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталып, аталған бағытта өткізілген тексерулердің нәтижесінде облыс бойынша санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі, білім беру, инклюзивті оқыту, фармацевтикалық қызмет, еңбек қатынастары, объектілердің қауіпсіздігі және мемлекеттік сатып алулар салаларында 3 мыңнан астам заң бұзушылықтар анықталғанын атап өтті.

117 мың баланың құқықтары қорғалып, 4 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 1 іс бойынша үкім шығарылды, қалғандары бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Алқа уәкілетті органдардың өз функцияларын орындауына мемлекеттік бақылауды күшейту және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірыңғай тәсілдерін әзірлеу міндетін белгіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу