Қарағанды облысында бір науқас 40 адамға індет жұқтырған

614

Бас санитарлық дәрігер инфекция жұқтырудың екі себебін атады.

Қарағанды облысында бір науқас 40 адамға індет жұқтырған

Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің сөзінше кәсіпорындарда санитарлық талаптарды сақтамау мен қонаққа бару індеттің таралуына алып келуде. 

"Арнайы сараптама жүргізе келе індеттің таралуының екі себебін анықтадық. Ол ұжымдық жұмыста санитарлық талаптарды, қашықтық, жеке қорғаныс құралдарын кию сынды талаптар сақталмаған жағдайлар. Екіншісі – әлеуметтік байланыс нәтижесінде. Яғни, мамандардың кеңестеріне қарамастан қонаққа барып, қонақ шақырып, антисептиктер мен бетперделерді пайдаланбау", – деген Айжан Есмағамбетова нақты мысалдар келтірді. 

"Қарағанды облысында бір науқас 8 ауру ошағының пайда болуына себеп болған. Нәтижесінде оның ұжымында 29 адам ауырып, үйінде 11 адам індет жұқтырған. Яғни, бір науқас 40 адамның инфекцияға шалдығуына  себеп болды. Оның 3-і бала. Түркістан облысында бір науқастан 8 ауру ошағы пайда болып, 20 адам індет жұқтырған", – деді Айжан Есмағамбетова. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу