Қарағанды облысында бірқатар жолды жоғары техникалық санатқа ауыстыру жоспарланып отыр

665

Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды, деп хабарлайды  inbusiness.kz Үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысында бірқатар жолды жоғары техникалық санатқа ауыстыру жоспарланып отыр

Үкімет басшысы өңірде бірінші кезекте Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларын байланыстыратын "Орталық-Оңтүстік" халықаралық транзиттік дәлізінің бір бөлігі "Қарағанды-Балқаш-Сарышаған" автожолын (1492,4-2005 км учаскесі) реконструкциялау барысымен танысты. 

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Мейірхат Қасымбаевтың айтуынша, жобаны 2023 жылдың желтоқсанында толық аяқтау жоспарланған. 

"Жоба жол жүру уақытын айтарлықтай қысқартып, қауіпсіз және жайлы қозғалысты қамтамасыз етеді. Жаңартылған автожол Балқаш көлінің туристік кластерін дамытудың драйверіне айналады және жаңа жұмыс орындарын құруға ынталандырады", – деді Әлихан Смайылов. 

Сондай-ақ Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек үкіметтік делегация мүшелерін өңірдің жол-көлік инфрақұрылымын дамыту барысы туралы хабардар етті, оның нәтижесінде көлік әлеуеті артып, бірқатар жолдар жоғары техникалық санатқа ауыстырылуы тиіс. 

Үкімет басшысы баяндамамен танысып, облыс басшылығына бірқатар тиісті тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу