Қарағанды облысында бірнеше адамды үсік шалды

624

Мамандардың мәліметінше, зардап шеккендер негізінен мас күйде болған, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda порталына сілтеме жасап.

Қарағанды облысында бірнеше адамды үсік шалды Фото: Tengrinews

"Үсік шалған науқастардың медициналық мекемелерге жүгінуі жалғасуда. Көбінесе адамдар мұндай жарақаттарды мас күйде болған кезде алады. 7-8 наурыз күндері Балқашта осындай шағыммен 2 науқас жүгінді. 5 наурыз күні клиникаға бір науқас келіп түсті", - деді Х.Ж.Мақажанов атындағы клиниканың ахуалдық орталық жетекшісі Ерік Шонбаев.

Ресурстың жазуынша, тұрғынның ауыр жарақат алғаны анықталды. Ол әлі күнге дейін жан сақтау бөлімшесінде жатыр.

Ерік Шонбаевтың сөзінше, пациенттерге ампутация жасауға мәжбүр болған жағдайлар да кездескен.

"Көбінесе мұндай жарақат алған адамдар медициналық көмекке кеш жүгінеді", - деді дәрігер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу