Қарағанды облысында бірнеше ауылдың атауы қазақшаланады

907

Бұхар жырау ауданында орысша атауға ие болған бірнеше ауылдың аты өзгеретін болады.

Қарағанды облысында бірнеше ауылдың атауы қазақшаланады Фото: azattyq-ruhy.kz

Қарағанды облысында  орысша атауы бар елді мекендер көп . Алдағы уақытта осы мағынасыз атауға ие болған ауылдардың атаулары өзгеруі мүмкін.

Қарағанды облысы әкімшілігінің қаулысы мен облыстық маслихаттың шешіміне сай ауыл аттарын өзгертуге  қатысты жоба “Ашық НҚА” порталында 27 сәуірге дейін талқылауда тұратын болады. Заң нормасына сүйенген билік орындары облыстық ономастикалық комиссияның қорытындысы мен ауыл тұрғындарының пікірі негізінде елді мекеннің атауын өзгертуге шешім қабылдаған.

Бұхар жырау ауданының Үштөбе селолық округіне қарасты Новостройка ауылы Атамекен болып өзгереді.

Осакаров ауданында Звездный селолық округі Жұлдыз, Тельманский селолық округі Нияз, Николаевский селолық округінде  Комсомольское ауылы  Қайыңды, Қаратомар селолық округіндегі Сенакосное ауылы Қаратомар ауылы , Тельманский селолық округінде Тельманское ауылы Қаракөл, Чапаев ауылы Жаңатоған болып өзгертіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу