Қарағанды облысында бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар қос күдікті қолға түсті

434

Қаскөйлер пәтерге пластикалық терезені бұзып кіргені анықталды. 

Қарағанды облысында бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар қос күдікті қолға түсті Фото: polisia.kz

Қарағанды облысы Абай аудандық полиция басқармасына 48 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші азаматша кешкілік жұмыстан келгенде белгісіз біреу бірінші қабаттағы үйінің терезесінен кіріп, ноутбук пен қуаттау құрылғысын ұрлап кеткені туралы шағымданған. Сондай-ақ полицияға 50 жастағы Абай қаласының тұрғыны арызданды. Жәбірленуші арызында белгісіз біреу үйінен екі ноутбук, флэшкарта және ақша ұрлағаны туралы шағымданды. Оған келтірілген шығын көлемі 1,1 млн теңгені құрады.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен қылмысты ашу бойынша жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 29 бен 34 жас аралығындағы қос күдікті ұсталды. Олар ұрланған заттарды белгісіз бір азаматқа сатқаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ заттар тәркіленді.

Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлерімен тергеу әрекеттері барысында күдіктілердің Саран және Ақтас қалаларында жасалған екі қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Бірінші жағдайда күдіктілер жәбірленушіге 330 мың теңге шығын келтірсе, екінші жағдайда 77 мың теңге шығын келтірген.

Күдіктілерге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр. Полиция департаменті пәтер ұрлықтарына жол бермеу, оның алдын алу мақсатында төменгі қабаттағы пәтер иелеріне терезеге темір тор көздер орнатуға кеңес береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу