Қарағанды облысында биыл 10 жайлы мектеп салынады

729

Оның ішінде облыс орталығында 4 мектептің құрылысы басталмақ. 

Қарағанды облысында биыл 10 жайлы мектеп салынады Фото: Aikyn.kz

Қарағанды облысында 2025 жылға дейін 18 жайлы мектеп салу жоспарланып отыр. 2023 жылы жаңа форматтағы 10 білім ордасының құрылысы басталады, деп жазады inbusiness.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Облыс әкімдігінде "Жайлы мектеп" ұлттық пилоттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті. 

"Біздің өңірлерге сапарларымыздың мақсаты – атқарылып жатқан жұмыстар қарқынын тексеру. Samruk-Kazyna Construction Үкіметінің қаулысымен "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы шеңберінде мектептер салу дирекциясы белгілеген. Қазіргі уақытта біз оны іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдармен шарттар жасаймыз. Ол бойынша әкімдіктер бізге тапсырыс берушінің функциясын тапсырады", - деді "Samruk-Kazyna Construction" АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов.

Ақпаратқа сәйкес, облыста 300-ден 2000 орынға дейінгі жайлы мектептер салынбақ. 

"Биыл Қарағандыда төрт, Балқашта үш, Бұқар Жырау ауданында екі, Шет ауданында екі нысанның құрылысын бастау жоспарланып отыр. Олар 2024 жылы тапсырылуы тиіс. Қарағанды, Абай, Қарқаралы, Приозерск қалалары және Нұра кентінде 2024-2025 жылдарға тағы сегіз жаңа мектеп салу жоспарланған", - делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу