Қарағанды облысында биыл қырыққабат көп өсірілмек

1571

Биыл қырыққабат бағасы 70,7 %-ға артты. Бұл аймақта қырыққабат қоры аяқталып, қазір оны Өзбекстаннан алып келумен байланысты дейді мамандар. 

Қарағанды облысында биыл қырыққабат көп өсірілмек

Қарағанды облысында биыл 100 гектар жерге қырыққабат отырғызылмақ. Бұл аталмыш көкөніс өнімділігін 14 мың тоннадан 20 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік бермек, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Биыл қырыққабат бағасы 70,7 %-ға артты. Бұл аймақта қырыққабат қоры аяқталып, қазір оны Өзбекстаннан алып келумен байланысты дейді мамандар. 

 Басқа көкөністер мен бакалея өнімдерінің бағасы тұрақтандыру қорындағы қорлар есебінен реттеледі. Сол жерден өнімдер әлеуметтік павильондардың сөрелеріне түседі. Қазір қорда –  1198 тонна картоп, 50 тонна – сәбіз және қызылша, 68 тонна – қарақұмық, күріш пен қант бар. Қосымша 136 тонна қант және 50 мың литр күнбағыс майы сатып алынады.

Келесі жылы Қарағандыда Көгілдір тоған ықшам ауданында ірі сауда орталығы салынады деп жоспарлануда. Ол 27 гектар жерді алады. Мұнда 130 000-ға жуық азық-түлік өнімдері өндіріледі, сатып алынады және сатылатын болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу