Қарағанды облысында 2017 жылы науқастарды тегін дәрілермен қамтамасыз етуге жұмсалатын қаржы көлемі артады. Дәрі-дәрмектер емханаларға әдеттегі мерзімнен ерте жеткізіледі. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков жергілікті арнадан тікелей эфирде телекөрермендердің сұрақтарына берген жауабында мәлімдеді.
"2015 жылы тегін қамсыздандыру үшін дәрілік препараттар сатып алуға 1 миллиард теңгеге жуық жұмсалды. 2016 жылы қаржыландыру толық көлемде жүргізілді. Бірақ бағалардың өзгергенін білесіздер. Сондықтан жыл соңына қарай бюджетті нақтылау кезінде қосымша қаржы бөлінді", – деді аймақ басшысы.
Бюджеттен 58 млн. теңге қосымша берілді. Бұл ақшаға диабет, жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққандарға арналған дәрілер, гормоналды препараттар сатып алынды.
2017 жылы түрлі қаржы көздерінен 3 млрд. теңгеге жуық көлемде қаржыландыру қарастырылған. 2016 жылмен салыстырғанда бұл 400 млн. теңгеге артық.
Жыл басында науқастардың дәрі-дәрмектерді өз ақшасына сатып алатыны белгілі. Бұл жолы уақыт айырмашылығын қысқартуға тырыстық.
"Әдетте қай кезеңде алшақтық болады? Бюджет бекітіледі, содан кейін мемлекеттік сатып алулар туралы заңға сәйкес конкурс жарияланады, қорытындысы шығарылады, келісімдер жасалады, содан кейін жеткізілім басталады. Бұл қаңтар-ақпан айларында жүзеге асырылады. Наурызда бәрі де аяқталады, - деді Нұрмұхамбет Әбдібеков. – Биыл конкурс 2016 жылдың желтоқсанында бюджет бекітілгеннен кейін бірден жарияланды. Қаңтар өтті, ақпан - емханаларға дәрі-дәрмектер жеткізіле бастады".