Қарағанды облысында боранда адасып кеткен ана мен бала табылды

327

Ақтоғай ауданының Айыртас ауылында 7 ақпанда күндізгі сағат екі шамасында баласы бар әйел боран кезінде үйден шығып, қайтып оралмады. 

Қарағанды облысында боранда адасып кеткен ана мен бала табылды Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Құтқарушылар жоғалған адамдарды 8 ақпанда сағат 00:46-да туыстарына хабарласқаннан кейін іздеуге кірісті. 1993 жылы туған әйел мен 2017 жылы туған бала Айыртас ауылынан батысқа қарай 6 км жерде сағат 08:50-де табылды.

Құтқарылғандар Ақтоғай ауылының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

ТЖД өкілдері облыс тұрғындарына тағы да ескерту жасады: "Ауа райы болжамын қадағалаңыздар. Боран кезінде үйден шығу қауіпті. Боранды күні тіпті туған ауылыңызда да адасып кетуге болады. Өзіңіз және жақындарыңыз абай болуларыңызды сұраймыз!".

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу