Қарағанды облысында бруцеллез сырқаты көбейді

560

Биыл 19 жағдай тіркелді.

Қарағанды облысында бруцеллез сырқаты көбейді Фото: inbusiness.kz

Қарағанды облысында  бруцеллез сырқаты бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып тұр. 

Биыл Қарағанды облысының тұрғындары арасында бруцеллездің алғаш рет анықталған 19 жағдайы тіркелді, 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2 жағдайға өсім байқалады. Бруцеллез жағдайлары Қарағанды, Саран, Шахтинск қалаларында, Абай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Нұра аудандарында тіркелді.

Шет, Абай, Ақтоғай, Нұра және Бұқар Жырау аудандарында адам үшін бруцеллез қоздырғышының негізгі көзі болып табылатын ірі және ұсақ мал арасында бруцеллез бойынша оң нәтижелі ауылшаруашылық малдары  337 басқа өскені анықталды. Дегенмен санитариялық эпидемиологиялық қадағалау департаменті “ ауру өршіп тұрған жоқ , былтырғымен салыстырғанда екі жағдайға ғана көп ” деп отыр.

“Эпидемиологиялық тексеру барысында адамдардың 61,8% бруцеллезді жұқтыру көзі сүт пен сүт өнімдерін термиялық өңдеусіз тағамға пайдалану және оларды жеке тұлғалардан сатып алу болып табылатыны, 38,2% жағдайда жеке мал иелерінде ауыл шаруашылығы жануарларын күту кезінде санитариялық-гигиеналық нормалар мен ережелерді бұзу, жануарларды уақтылы зертханалық тексермеу болып табылатыны анықталды.

Сыртқы ортадан алынған сынамаларда бруцеллез қоздырғыштары сүт өнімдерінің 13,2%-да, жемнің 25,0%-да анықталды. Бұл анықталған оң нәтижелер микробтардың сыртқы ортаға таралуын көрсетеді және өз кезегінде бұл инфекцияның берілу факторлары болуы мүмкін,”- деп хабарлайды Қарағанды облысының санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті. 

Қазіргі уақытта облыста бруцеллез  сырқатымен ауырып жатқандар жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу