Қарағанды облысында бұзылған автобустан 40-тан астам жолаушылар эвакуацияланды

359

Оның ішінде 14 адам Өзбекстан Республикасының, 27 адам Қазақстан Республикасының азаматтары болған. 

Қарағанды облысында бұзылған автобустан 40-тан астам жолаушылар эвакуацияланды Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

9 қаңтарда "Алматы – Екатеринбург" тас жолының 1049 шақырымында ТЖД күштері техникалық ақауы бар "VANHOOL" автобусынан 41 адамды политехникалық колледждің жатақханасына көшірді. Көлік "Шымкент – Тобыл" бойынша бағыт алған. Құтқарылған жолаушылардың арасында зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болмады.

"Қарағанды ​​облысының ТЖД жүргізушілерге жол жүрмес бұрын көліктің жағдайын мұқият тексеріп, жолдардың жағдайы туралы ақпаратты қадағалау қажеттігін ескертеді. Дауылды ескертулерді алған кезде, әсіресе түнде және ауа-райы нашарлағанда, кішкентай балалармен елді мекендерден тыс сапарға шығудан және ұзақ қашықтыққа жаяу жүруден бас тарту ұсынылады. Ауа-райының өзгеруіне сай киініңіз. Қоғамдық көліктер мен дизельді қозғалтқышы бар автокөліктердің иелері мен жүргізушілерінен қауіпсіздік шараларына баса назар аударуын сұраймыз", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу