Қарағанды облысында бюджет қаражатын жымқырған 3 бухгалтер сотталды

977

Сотталғандардың әрекетінен мемлекетке 11,1 млн теңге көлемінде залал келген.

Қарағанды облысында бюджет қаражатын жымқырған 3 бухгалтер сотталды

Қарағанды облысы Бұхар-Жырау ауданы сотының үкімімен сеніп тапсырылған бюджет қаражатын жеке карта шоттарына аудару арқылы жымқырып, жеке мақсаттарына пайдаланған аудандық мемлекеттік мекемелердің 3 бухгалтері сотталды, деп хабарлайды ҚР ҚМ ҚМК Баспасөз қызметі.

Сотталғандардың әрекетінен мемлекетке 11,1 млн теңге көлемінде залал келген.

"2 кінәлі тұлғаға қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын өтеу тағайындалып, 1 кінәлі тұлға жәбірленушімен татуласып, келтірген 3,3 млн теңге көлеміндегі залалды толық өтегені үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылды",– деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу