Қарағандыда жазасын өтеп шыққандарға құқықтық-әлеуметтік көмек көрсететін дағдарыс орталығы ашылды.
Бұл – қылмыстық атқару жүйесі мен прокуратураның "Қоғамға оралу" атты бірлескен жобасы. Енді мұндағы мамандар темір тордан босап шыққандарға жұмысқа орналасуға құжаттарын ретке келтіруге, ем алуға көмектеседі. Бір сөзбен айтқанда, жылдар бойы қапаста отырғандардың қоғамға бейімделуіне жағдай жасайды.
Осылайша олардың қайтадан шалыс баспауын қадағалайды. Айта кетейік, тек биылдың өзінде облыста 400 адам бостандыққа шыққан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу