Қарағанды облысында далалы аймақта төрт жерден өрт тұтанған

1095

Даладағы өртті сөндіру үшін тікұшақ тартылды

Қарағанды облысында далалы аймақта төрт жерден өрт тұтанған Фото: Қарағанды облысы ТЖД

Тілсіз жау Шет ауданындағы Талды ауылындағы тау жоталарынан шығып , Ақтоғай ауданындағы орманға өткен. 

Жалпы алғанда бұл аумақтарда 150 га жер жанып кеткен. Өрт сөндірушілер алты ошақ бойынша бөлініп тілсіз жауды ауыздықтауға кіріскен. Өртті сөндіруге “ Қазавиапас” АҚ -ның су төгетін құбыры бар тікұшағы жұмылдырылып көлемі 72 тонна суды 24 рет шашқан. Өртті сөндіру үшін  114 адам мен 20 техниканың күші жұмсалған. 

Сонымен қатар Бұқар жырау ауданы мен Осакаров аудандарында 3 дала өрті тұтанған. Бұл аумақтағы тілсіз жау  Төтенше жағдайлар Департаментінің күштері мен ерікті өрт сөндіру бөлімшелерінің күшімен сөндірілген.

Қазіргі уақытта Ақтоғай ауданындағы өрт ошақтарын сөндіруге күш жұмсалып жатыр. Төтенше жағдайлар мамандары дала  аумағында жүрген кезде тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырады. Негізінен далалы жерлерде өрт найзағайдың түсуінен, темекі тұқылының өшпеуінен, сынық шыныларды шөп арасына тастау салдарынан және жаққан отты толық сөндірмей кетудің кесірінен орын алып жатыр. Жаңбырдың аз болып шөптің құрғақ болуы оттың өршуіне себеп болып тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу