Қарағанды облысында дәнді-дақылдар мен картоп жинау жұмыстары тәмамдалды. Көкөністерді жинау науқаны аяқталуға жақын, деп хабарлайды облыстың баспасөз қызметі.
Ол жайлы ауылшаруашылық басқармасының жетекшісі Юржан Бекқожин мәлімдеді.
"Облыста дәнді-дақылдарды жинау толығымен аяқталды, - деп хабарлады облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Юржан Бекқожин. - Биылғы жылы 780 мың тонна дақыл орылды. 8 375 га аумақтан картоп жиналды - ол дегеніміз 100 пайыз".
Биылғы жылы дәнді-дақылдардың орташа өнімділігі бір гектардан 10,1 центнерді құрады.
Қарқаралы ауданында көкөніс жинау жалғасып жатыр. Әлі де жүз гектар жерден өнім жинау керек. Бұл жұмыстар алдағы күндері аяқталуы тиіс.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу