Дәрі-дәрмек сатып алуға 9 миллиард теңге бөлінеді

838

Дәрі-дәрмек сатып алуға 9 миллиард теңге бөлінеді

2018-ші жылға дәрі-дәрмектерді сатып алуды қаржыландыру мәселесі шешілген – Денсаулық сақтау министрлігі рекордтық сома 9 млрд теңге бөлетін болды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

2017-ші жылы дәрмектерді алуға 3,5 млрд теңге бөлінген болатын. 

"Дәрілерді сатып алуда шартты экономияның арқасында біз 383 миллион теңге үнемдедік. Біз ол ақша қосымша сатып алуға облысқа қайтарылуы үшін қосымша келісімге қол қойдық. Ол медикаменттердің алғашқы партиясы қазанның бірінші онкүндігінде түсуі тиіс", - деді Ержан Нұрлыбаев.

Сонымен бірге 2018-ші жылға Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан берілетін қаржыландыру анағұрлым өсті – 9 млрд теңгеге дейін. Ол тегін дәрмекке мұқтаж жандарды дәрімен кідіріссіз қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар медициналық немесе әлеуметтік көрсеткіштерге байланысты төстен шығарылған нәрестелерге арналған балалар тағамының қажетті көлемі де сатып алынған. 

"Халықты дәрі-дәрмекермен тұрақты қамту үшін қаржыландыру осы жылдың қараша айында басталады. Осылайша, бізде дәрмектерді жеткізуге байқауды өткізіп, қажетті келісімшарттарды желтоқсан айында жасауға мүмкіндік болады. Қаңтардың басында препараттардың бірінші партиясы басталады. Облыста әлеуметтік дәріханалардың желісін кеңейту көзделуде",  -  деп мәлімдеді Ержан Нұрлыбаев.

Қазіргі таңда аймағымызда олардың саны 35-ке жеткен, жыл соңына дейін Қарағанды, Жезқазғанда және ауылдық жерлерде 7 осындай дәріхана ашылады деп уәде берілді. Ал әлеуметтік дәріханалар болса өз кезегінде дәрмектердің ассортиментін кеңейтуді жоспарлап отыр. Ол жерде коммерциялық нүктелерге қарағанда дәрілерді арзанырақ сатып алуға болады. Себебі қосымша құн 5%-дан аспайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу