Қарағанды облысында демалыс күндері 200-ге жуық адам көшеде жүріп жарақат алған

501

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 16 адам ауруханаға жатқызылды. 

Қарағанды облысында демалыс күндері 200-ге жуық адам көшеде жүріп жарақат алған Фото: ekaraganda

Қарағанды облысында өткен демалыс күндері 200-ге жуық адам көшеде жүріп жарақат алды, деп жазады inbusiness.kz eKaraganda порталына  сілтеме жасап.

"Өңірде өткен демалыс күндері көшеде жүріп жарақаттану деректері тіркелді: сенбі күні – 116 адам, жексенбіде – 70 адам. 16 науқас ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады облыстық ДСБ.

Ақпаратқа сәйкес, жыл басынан бері облыста 4 мыңға жуық тұрғын жарақат алған. Оның ішінде 1700-ге жуық жағдай – көше жарақаты. Оған көктайғақ салдарынан көшеде құлау, жол-көлік оқиғалары кезінде алынған жарақаттар және т.б. кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу