Қарағанды облысында демалыс күндері екі адам суға батып кетті

652

Судың құрбаны болған жанның бірі мектеп оқушысы.

Қарағанды облысында демалыс күндері екі адам суға батып кетті Фото: Қарағанды облысы ТЖД

Қарағанды облысының су айдындарында 3-4 маусым демалыс күндері екі адам суға батып кетті. Мамандар қайғылы оқиғаға адамдардың суға түскен кезде қарапайым қауіпсіздік шараларын ұстанбауы себеп болды деп отыр.

Алғашқы қайғылы оқиға 3 маусымда Нұра ауданында болды. Нұра өзенінде Егінді ауылынан 3 км қашықтықта 2009 жылы туған қыз суға батып кетті. Оқиға орнына Қарағанды облысы ТЖД құтқарушы-сүңгуірлері жіберілді. Құтқарушылардың күшімен суға батқан қыздың денесі оқиға орнынан шамамен 15 м қашықтықта табылып, шығарылды (өзен түбі қатты лайланған, тереңдіктің күрт өзгеруі, су асты ағысы, кей жерлерде күшті).

Екінші жағдай келесі күні Бірінші Мамыр ауылының маңындағы Бұқар Жырау ауданында орын алды. Нұра өзенінде достарымен демалыста болған 1997 жылы туған ер адам суға батып кетті. Іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында құтқарушылар оқиға орнынан 3 метр тереңдікте 60 метр қашықтықта суға батқан адамның денесін тапты.

Қарағанды облысының ТЖ департаменті шомылу кезеңінде қайғылы жағдайға жол бермеу үшін суда жүріс тұрыс ережелерін сақтауды ескертеді.

Оқиғалар мен ТЖ кез келген алғышарттары мен фактілері туралы 112 немесе 8 (7212) 433636, 433737 телефондарына қоңырау шалыңыз”,- деп хабарлайды Қарағанды облысының ТЖ Департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу