Қарағанды облысында демалыс күндері үш адам суға кетті

800

Өткен демалыс күндері құтқарушылар облыста 62 рет құтқару жұмыстарына шықты.

Қарағанды облысында демалыс күндері үш адам суға кетті

14 мамырда  Ақтоғай ауданы, Қошқар ауылынан оңтүстікке қарай 3 шақырым жерде орналасқан Қусақ ауылдық округінде 2001 жылы туған жігіт пен 2007 жылы туған бала өзенге батып кеткен.

Су құрбаны болғандар ағайындылар болып шықты. Жігіттің денесін ауыл тұрғындары өзеннен өздері алып шыққан. Ал жасөспірімнің денесін сол күні кешке қарай Төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары Қусақ өзенінің түбінен 6 метр тереңдіктен тапқан. Іздестіру жұмыстарына барлығы 84 адам, 2 құтқарушы, 29 техника мен 2 қайық жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталуда, дегенмен ауыл тұрғындарының айтуынша олар өзенге суға түсіп шықпақ болған.

Дәл осы күні Жезқазған қаласындағы Кеңгір су қоймасында 19 жастағы жігіт суға кеткен.

Төтенше жағдайлар мамандары су қызбаған салқын кезде өзенге түсудің қауіпті екенін айтып дабыл қағуда. Мамандар рұқсат етілген жерлерде ғана суға түсіп, сақтық шараларын барынша сақтауға кеңес береді.

Өткен демалыс күндері яғни 14-15 мамырда Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері 62 рет құтқару жұмыстарына шықты, оның ішінде өрт сөндіру және жану мен авариялық-құтқару жұмыстары бар.

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу