Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасын конкурстық іріктеу нәтижесі бойынша Қалдыбек Исмаилов басқаратын болып шешілді, деп облыс әкімінің басапсөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды inbusiness.kz.
Қалдыбек Исмаиловтың үш жоғары білімі бар.
Еңбек жолын 1997 жылы бастаған. Қарағанды қаласының "Фтизиатрия" ҚБ бас дәрігерінің орынбасары, фтизиохирург дәрігер болып жұмыс істеді.
2012 жылдан – Жезқазған туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері. Одан кейін Теміртау туберкулезге қарсы диспансерінің директоры, Қарағанды облыстық туберкулезге қарсы диспансері директорының орынбасары қызметтерін атқарды.
2017 жылдан 2018 жылға дейін Алматы қаласындағы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының емдеу жөніндегі үйлестірушісі, директордың орынбасары болды.
2018 жылдың қазан айынан бастап осы уақытқа дейін Қарағанды облыстық фтизиопульмонология орталығын басқарды.