Қарағанды облысында дрон өндірісі қолға алынды

101

Өңірде үш түрлі ұшқышсыз ұшу аппаратының прототипі әзірленді.  

Қарағанды облысында дрон өндірісі қолға алынды Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Олардың көмегімен жол ережесін бұзу фактілерін тіркеуге, жоғалған адамдарды іздеуге, орман мен дала өрттерінің ошағын анықтауға және басқа да көптеген жұмыстарды атқаруға болады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қарағандыда жасалған прототиптерді адамдар мен көліктерді іздеуде, кең аумақты бақылауда қолдануға болады. Бұл мақсатқа ең қолайлысы – алыс қашықтыққа ұшатын Vista-7 дроны.

Chimera-5 – шағын әрі жақын радиуста әрекет ететін дрон, ғимарат ішінде және қолжетімсіз жерлерде жұмыс істей алады. Оны үйінді астынан адамдарды іздеуде, сондай-ақ полицияның тәуекелі жоғары операцияларында пайдалануға тиімді.

Әмбебап көпмақсатты Apex-7 дроны. Ол көшелерді патрульдеуге, бұқаралық шараларды бақылауға, өрт қауіпсіздігін қадағалауға бейімделген.

Қарағандыда жасалған пилостыз ұшатын аппараттардың прототиптері – шетелдік электроника мен Қазақстанда өндірілген корпустарды тиімді үйлестірудің нәтижесі.

"Біз дрондарға арналған рамаларды шығарамыз. Оларға кез келген электрониканы орнатып, қажетті міндеттерді орындауға болады. Біздің рамалардың басты артықшылығы – олардың өзіндік құны төмен. Корпустарды 3D-принтерде басып шығарамыз. Егер дрон биіктен құлап, соғылып сынған күннің өзінде, 20 минут ішінде жаңа корпус басып шығарып, электрониканы соған орнатып әрі қарай қолдануға болады", – дейді жоба жетекшісі Максим Ким.

Ал рамаларды жасап, дрондарды Қазақстанда құрастырудың өзі олардың бағасын едәуір төмендетіп, қолжетімді етеді.

"Дрондарды қолдану экономикалық тұрғыдан да пайдалы. Мәселен, ұзын тас жолдарға камера орнату қымбатқа түседі. Ал бірнеше дронды ұшырып, аумақты патрульдеу және жылдамдық асыру сияқты бұзушылықтарға жедел әрекет ету әлдеқайда арзан. Мұнай құбырларын бақылауда да дрон тиімді. Белгілі бір аралықта дрондарды ұшыру арқылы заңсыз қосылу мен жанармай ұрлығының алдын алуға болады", – дейді Максим Ким.

Қазір кәсіпорын дрондарды жаппай өндіру мәселесін қарастырып жатыр. Бұған дейін ғылыми-өндірістік бірлестік "Аргус-жаяу жүргінші" атты автоматтандырылған бағдарламалық кешен әзірлеген болатын. Ол Қарағандыдағы адам көп жүретін қиылыстарға орнатылды. Енді "Аргус-жаяу жүргінші" жүйесін Қазақстанның басқа қалаларында орнату жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу