Қарағанды облысында егін егу науқаны басталды

1396

 Қарағанды облысында егін егу науқаны басталды

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов аймақтың басты астық қоры болып табылатын Осакаров және Нұра аудандарында болып қайтты. Облыс басшысы көктемнің салқын болуына байланысты әдеттегіден кешірек басталған егін егу кампаниясының барысымен танысты, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі. 
"Жалпы алғанда ауа райы жағдайы көктемгі егіс жұмыстары уақтылы бастауға мүмкіндік бермеді. Бірақ ол жоспарға еш әсерін тигізбейді – егін егу агротехникалық мерзімге сай жүрізіледі, - деді облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаров. – Биылғы жылы жазғы егіс 910 мың гектар аумаққа жүргізілед деп жоспарланып отыр, ол өткен жылмен салыстырғанда 57 мың гектарға көбірек. Дәнді және бұршақ дәнділерді 824 мың га жерге егілетін болады".
Облыста жүйелі түрде егісті әртараптандыру жүргізіліп жатыр. Бидай алқаптары кішірейтілуде – биылғы жылы бұл дақыл 616 мың гектарға егіледі. Арпа, сұлы, майлы дақылдар, көпжылдық және біржылдық шөптердің егісі ұлғайтылуда. 
Егін егу кампаниясына 16 мың бірлік ауылшаруашылық техникасы жұмылдырылған. Биылғы жылы бірінші репродукциялы тұқымдар жалпы аумақтың үштен бірінен астамына егілген. 
Нұра ауданының "Шахтёрское" ЖШС-де облыс әкіміне 12 000 тонна сыйымдылығы бар картоп қоймасының құрылысы жобасын ұсынды. Оның құны 850 млн теңгені құрайды.

Таңдаулы дәнді-дақыл – тұқым шаруашылығы бірнеше жыл бұрын қосымша түрде "екінші нан" өсірумен айналыса бастаған. Қазіргі таңда картоп алқаптары 200 га құрайды. Кәсіпорын екі жыл бұрын 8 000 тоннаға шақталған картоп қоймасын салған, қазір ол қуаттылық аздық етіп, қоймаларды ұлғайту қажеттілігі туындаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу