Шаруалар дәнді-дақыл, бұршақты және майлы дақылдарды егуге, картоп пен көкөністерді отырғызуға кірісті, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараты бойынша, биыл өңірде 885 мың гектарға – дәнді дақыл, 18,3 мың гектарға – майлы дақыл, 54,3 мың гектарға азықтық дақылдар егіледі.
Биылғы жылы картоп отырғызу аумағы – 9,6 мың гектарды, ал көкөністерге арналған аудан 1,5 мың гектарды құрайды. Сондай-ақ осы жылы қырыққабатты көбірек өсіру жоспарланып отыр, бұл көкөніс түріне бөлінген жер 500 гектарға дейін ұлғайтылды.
Егіс жұмыстарына 20 мың бірлік ауылшаруашылық техникасы жұмылдырылды. Тек осы жылы – 109 машина, оның ішінде – 64 трактор, 9 – егіс кешені және жалпы сомасы 2,8 млрд теңгеден асатын 17 тұқым сепкіш сатып алды.
Биыл 1,5 мың гектар суармалы жер айналымға енгізіледі.