Қарағанды облысында екі бала терезеден құлап кетті

1224

Тұрғын үйдің бесінші қабатынан құлаған 8 жастағы баланың жағдайы ауыр.

Қарағанды облысында екі бала терезеден құлап кетті

Сәтбаев қаласында 2013 жылғы бала 5-қабаттағы пәтердің терезесінен құлады. Балқаш қаласында дәл осындай оқиға орын алды. Мұнда 2-қабаттағы үйдің терезесінен 4 жастағы бала құлаған. Екі баланы да жедел жәрдем қызметі ауруханаға жеткізді. Екеуі де ауруханада ем алып жатыр. 8 жастағысының жағдайы ауыр.

"Бала терезенің алдына шыға алмау үшін терезе алдындағы немесе жанындағы жиһаздарды алып тастаңыздар. Москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғануға арналмаған. Балаға терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейтін арнайы бекіткіштерді қойыңыз. Терезелердің қауіптілігі туралы балаларға түсіндіріңіз. Егер бекіткіш құрылғыны орнату мүмкін болмаса, терезенің тұтқасын алып тастап, оны тек қажет болған жағдайда ғана орнатыңыз", – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу