Қарағанды облысында екі көлік мұз үстінен өту кезінде суға батып кетті

574

Зардап шеккендер жоқ. 

Қарағанды облысында екі көлік мұз үстінен өту кезінде суға батып кетті Фото: inform.kz

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы Ғ. Мұстафин кентінде Нұра өзеніндегі мұз үстімен өту кезінде 2 көлік суға батып кетті, деп жазады inbusiness.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, олардың бірі - "Газель" (ішінде 3 адам болды) және "Мерседес" жеңіл автокөлігі (ішінде 6 адам, оның ішінде 2 бала болды). Жүргізушілер мен жолаушылар көліктер ішінен өздігінен шықты. Автокөліктер мұз астында қалды, оларды жоғарыға көтеру жұмыстары жеке жүргізілетін болады.

"Су айдыны үстімен жүру үлкен қауіп төндіретінін әрқашан есте ұстаған жөн. Өйткені, су ағындары мұзды шайып, оны белгілі бір аймақта барынша жұқа ете алады. Егер жақын жерде бөгет болса, судың шығуы мұздың қалыңдығын әлсіретеді; балық аулау тесіктерінен жарықтар пайда болуы мүмкін", - деп жазды ведомстводан.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу