Қарағанды облысында елдімекендерді су басты

679

Судың деңгейі 20-30 сантиметрге дейін көтеріліп, үй іргесіне жеткен. 

Қарағанды облысында елдімекендерді су басты Фото: видео скриншот

Қарағанды облысында екі бірдей елдімекенді су басып, ауылға қатынайтын жолдарды шайып кетті. Еріген су дала мен беткейлерден Ақтоғай ауданына қарасты Абай ауылына ағылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Судың деңгейі 20-30 сантиметрге дейін көтеріліп, үй іргесіне жеткен. Осы жағдайға қатысты 44 адам мен 9 техника жұмылдырылған.

Одан бөлек Шет ауданы Ағадыр кентінде де осыған ұқсас жағдай тіркелді. Әкімдік өкілдері жағдай қазір тұрақталғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, аталған ауданға қарасты республикалық маңызы бар Екатеринбург-Алматы тасжолын да су шайып өткен. Патрульдік полиция түні бойы кезекшілік жұмыстарын ұйымдастырған.

"Ақсу-Аюлы кентінің маңында жолды су шайған. Ұзындығы 100 метр, судың тереңдігі 40 сантиметр. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", - деді Қарағанды облысы ПД патрульдік полиция батальонының командирі Бекзат Сәуленбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу