Қарағандыда полициямен бір сапта қызмет еткен бала жұртты сүйсіндірді

443

Қарағанды облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін түсіндіру жұмыстарына 8 жастағы Нұрасыл Төлегенов қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қарағандыда полициямен бір сапта қызмет еткен бала жұртты сүйсіндірді Фото: polisia.kz

Қарағанды облысында ең жас полицей жолдағы қауіпсіздікке үлес қосып жатыр. Жол ережелерін жетік меңгерген балақай әлеуметтік желі қолданушылары арасында кеңінен танымал.

Ол Қарағанды – Алматы бағытындағы республикалық маңызы бар тасжолда полиция қызметкерлерімен бірге жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Нұрасыл лейтенант шенін тағып, арнайы нысандық киім киіп, тәртіп сақшыларымен иық тіресе қызмет етті.

Ол жүргізушілерге жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін басты ережелерді түсіндіріп, жылдамдықты асырмау, қарсы бағытқа шықпау және жолда демалысты ескерусіз қалдырмау қажеттігін ескертті.

Полиция болуды армандайтын Нұрасылдың бұл қызығушылығы бекер емес – оның әкесі де патрульдік полиция батальонының қатарында қызмет атқарады.

– Қазіргі таңда жол қозғалысы қауіпсіздігі – күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелердің бірі. Жаз мезгілінде Қарағанды – Балқаш бағыты бойынша көлік ағыны күрт артады. Осыған байланысты аталған жолда полиция нарядтарының санын арттырдық. Бұрын бұл бағытта 17 автопатруль жұмыс істесе, қазір олардың саны 30-ға жеткізілді. Әр патруль бекетінің арақашықтығы шамамен 10 шақырым. Қоғамдық қауіпсіздікке үн қосқан ең жас полицейдің бастамасы – баршаға үлгі. Бұл шара тұрғындар арасында құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған іс-шаралардың бір бөлігі ретінде ұйымдастырылды, – деді патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұханов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу