Қарағанды облысында ер адам әйелін ұрып өлтірді

408

Қайғылы оқиға баласының көзінше болған.  

Қарағанды облысында ер адам әйелін ұрып өлтірді Фото: gov.kz

Қарағанды облысындағы Абай қаласында ер адам әйелін ұрып өлтірді. Полиция бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап.

“11 қазан күні сағат 1:00 шамасында полицияға Абай қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің пәтерінде зорлық-зомбылық белгілері бар әйел адамның денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына барған жедел тергеу тобы бұл фактіні растады. Аталмыш пәтерде түрлі дене жарақаты болған 34 жастағы әйелдің денесі табылды”, - делінген полиция мәлімдемесінде.

Тәртіп сақшылары ер адамды ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

“ҚР ҚК 106-бабының 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды”, - деп хабарлады облыстық ПД.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу