"25 тамыз күні түнде Қарқаралы аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция басқармасы, "Арлан" арнайы мақсаттағы жасағының Қарағанды қаласында жүргізген бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, Қарқаралы ауданы тұрғынына шабуыл жасады деген күдікпен 30 жастағы азамат ұсталды. Ол облыстық Полиция департаментіне жеткізілді", - делінген Қарағанды облысының Полиция департаменті хабарламасында.
Қазіргі уақытта алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыскердің неліктен шабуыл жасағанын анықтап жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу