Қарағанды облысында ерікті студенттерге алғашқы төлем жасалды

1226

Қаңтар айында төрт ерікті қажетті шарттарды орындап, 20 мың теңгеден алды.

Қарағанды облысында ерікті студенттерге алғашқы төлем жасалды

Қарағанды облысында еріктілер "Әлеуметтік студенттік ваучер" жобасы аясында өз еңбегі үшін төлем ала бастады, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Қаңтар айында төрт ерікті қажетті шарттарды орындап, 20 мың теңгеден алды.

 2019 жылдың қараша айынан желтоқсан айына дейін жастар "Жеңіс" республикалық қайырымдылық жобасы аясында "Әлеуметтік студенттік ваучер" бағдарламасы бойынша еңбек етті. Бұл жобаның мақсаты – аға буынды қолдау, зейнеткерлердің бос уақытын ұйымдастыру.

Биылғы жыл Мемлекет басшысының бастамасы бойынша Қазақстанда еріктілер жылы деп жарияланған болатын. Волонтерлік бастамаларды қолдау үшін "Әлеуметтік студенттік ваучер" жобасы іске қосылды. 20 сағат ішінде студенттер 20 мың теңге, 50 сағат үшін 50 мың теңге көлемінде сыйақы алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу